Лэмпард "Челсидің" бас бапкері болады

© chelsearus.com
"Дерби Каунти" командасының бас бапкері Фрэнк Лэмпард лондондық "Челсиді" жаттықтыратын болады, - деп хабарлайды "Чемпионат" мәлімет көзіне сілтеме жасап.

Алдағы күндері клубтан Маурцио Сарри кетеді, ол карьерасын туриндік "Ювентусте" жалғастырады.

Лэмпард 2001 және 2014 жылдар аралығы "Челси" сапында ойнаған. Сол уақытта жартылай қорғаушы лондондық командамен бірге үш рет Англия премьер-лигасының чемпионы атанды, Англия кубогын төрт рет, лига Кубогын екі рет және екі рет ел Суперкубогын, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын да ұтқан.

Бапкерлік карьерасын Лэмпард былтыр мамырда бастады. Осы уақытқа дейін 40 жастағы маман "Дерби Каунти" командасымен англиялық Чемпионшиптің турнир кестесінде алтыншы болды. Команда АПЛ-де ойнау ұқығы үшін плей-офф финалына дейін жетіп, "Астон Вилладан" ұтылды (1:2).