Футбол
31 наурыз 2021 11:15

Латвия құрамасы әлем чемпионатына іріктеуде сенсация жасады

Сурет: ЛФФ

Футболдан Латвия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің үшінші турында Түркиямен тең ойнап, сенсация жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ыстамбұлда өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Бастапқыда алаң қонақтары 0:2 есебімен ұтылып жатып, есесін қайтара алды. Алаң иелерінен Кенан Караман (2-ші минут), Хакан Чалханоглу (33) және Бурак Йылмаз (52-ші минут, пенальти) гол салды. Ал латвиялықтардан Робертс Савальниекс (35), Робертс Улдрикис (58) және Давис Икауниекс (79) көзге түсті.

Мұның алдында Латвия өз алаңында Черногориядан (1:2) және сырт алаңда Нидерландыға (0:2) есе жіберген. Туркия өз алаңында Нидерланды құрамасын (4:2) және сырт алаңда Норвегияны (3:0) ұтқан.