"Лацио" ойыншысын тапаншамен қорқытып, тонап кеткен

©globallookpress.com

"Лацио" жартылай қорғаушысы Тома Башичті белгісіз біреулер Италия астанасында тапаншамен қорқытып, бағалы заттарын қолды қылған. Бұл туралы Ansa басылымы хабарлайды.

Оқиға 2 ақпан күні жергілікті уақытпен 13:30 шамасында болған. Римнің Париоли ауданында бейғам жүрген футболшыға белгісіз біреулер тапанша кезеген. Нәтижесінде қолындағы алтын сағатын қолды қылған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері Хорватия құрамасының ойыншысының өміріне қауіп төндірген қарақшыны іздестіруде.

Еске салайық, Башич өткен жылы "Лацио" сапына ауысқан еді. Осы уақыт аралығында ол 24 матчта 1 гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: