"Барселона" клубында шабуылшы Ансу Фатиге қатысты жанжал өршіп тұр. Каталониялық команданың президенті Жоан Лапортаның футболшының алаңнан тыс жердегі қылықтарына қатысты шыдамының шегіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Don Balon басылымы El Nacional-ға сілтеме жасап хабарлағандай, Фати Барселонадағы пентхаусында бірнеше мәрте түнгі кештер ұйымдастырған — олардың дауысы түн ортасына дейін созылып, көршілер тарапынан шағымдар түскен. Сонымен қатар, дереккөздерге сүйенсек, футболшы жаттығуларға жиі нашар күйде келеді екен. Бұл жағдай Лапорта үшін соңғы тамшыға айналды, ол енді футболшыдан құтылу туралы шешім қабылдаған.
Ансу Фати соңғы жылдардағы "Барселонаның" ең дарынды тәлімгерлерінің бірі саналған. Ол негізгі құрамда алғаш рет небәрі 16 жасында дебют жасап, жанкүйерлер мен мамандардың назарын бірден өзіне аударған. Алайда тізе жарақатынан кейін оның карьерасы құлдырай бастады.
Англиялық "Брайтон" клубындағы жалға беру кезеңінен кейін ол "Барселона" сапына қайта оралды, бірақ, бапкерлер штабы мен клуб басшылығын еш әсерлендіре алмады. Жаттығу тәртібіне қатапл Ханси Фликтің бас бапкер атануы талапты күшейтіп жіберді, ал Фати сол талаптарға сай болмай тұр.
Бұған дейін футболшының әкесі Бори Фати ұлын алаңға жиі шығармайтыны үшін клуб басшылығын қатаң сынға алған болатын. Алайда жаңа мәліметтер пайда болғаннан кейін оның ұстанымы әлсірей түсті. Испаниялық дереккөздерге сүйенсек, қазіргі таңда Лапорта Ансуды клубтың активі емес, құтылуы тиіс мәселесі ретінде қарастырып отыр.