Футбол
17 шілде 16:17
 

Ламин Ямаль пір тұтатын футболшыны атады. Ол Месси емес

  Пікірлер

blog.share

Ламин Ямаль пір тұтатын футболшыны атады. Ол Месси емес ©x.com/FCBarcelona

"Барселона" мен Испания құрамасының жас жұлдызы Ламин Ямаль жоғары деңгейде шеберлік көрсетіп жүр. Енді ол алаңда өзіне шабыт беретін футболшы туралы айтып берді, деп хабарлайды Euro-Football.ru.

blog.share

"Барселона" мен Испания құрамасының жас жұлдызы Ламин Ямаль жоғары деңгейде шеберлік көрсетіп жүр. Енді ол алаңда өзіне шабыт беретін футболшы туралы айтып берді, деп хабарлайды Euro-Football.ru.

"Неймар - менің ең сүйікті ойыншым және тарихтағы ең мықты футболшылардың бірі", - деді Ямаль.

Ламин Ямаль "Барселона" сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді. 2024/25 маусымында испаниялық шабуылшы Ла Лигадағы чемпиондықта маңызды үлес қосты - тоғыз гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталының мәліметінше, 18 жастағы футболшының нарықтық құны - 200 миллион еуро. Оның "Барселонамен" келісімшарты 2031 жылға дейін жарамды.

Айта кетейік, Неймар 2013 пен 2017 жылдар аралығында "Барселона" құрамында өнер көрсетті.

Сонымен қатар, Ламин Ямальді бұрынғы "Барселона" жұлдызы Лионель Мессимен жиі салыстырады. Екі футболшы да бір позицияда ойнайды. Бұған қоса, Ямаль "Барселонада" Мессидің "оныншы нөмірін" киюі мүмкін екені де бұған дейін белгілі болған.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!