Испания құрамасы мен каталондық "Барселонаның" 19 жастағы вингері Ламин Ямаль Ұлттар лигасы аясында Англияға қарсы өтетін матчта 10-нөмірлі жейдемен алаңға шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ямаль жейдедегі нөмірін өзгертедіDiario Sport басылымының мәліметінше, алдағы кездесуде Ямаль 10-нөмірмен ойнайды. Әдетте Испания құрамасында бұл жейдені оның клубтағы әріптесі әрі ұлттық құраманың вице-капитаны Дани Ольмо киеді. Алайда қазір жартылай қорғаушы жарақатына байланысты ем қабылдап жатыр.
Осылайша, "Барселона" шабуылшысы Испания құрамасы тарихындағы ең айрықша нөмірлердің бірін уақытша иеленеді.
Испания Англиямен Мадридте кездеседіИспания мен Англия құрамалары арасындағы матч 16 қарашаға қараған түні Мадридтегі "Атлетико" стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 03:45-те басталады.
Бес турдан кейін Испания құрамасы 15 ұпаймен топ басында келеді. Ал Англия 12 ұпай жинап, екінші орында тұр.