"Барселона" шабуылшысы Ламин Ямаль Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші турындағы "Брюггеге" қарсы матчтан кейін өзінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бельгиядағы матч 3:3 есебімен аяқталды."Менің шап жарақатым және көңіл күйім туралы көп айтылды. Бірақ мұның бәрі жалған. Мен жай ғана қайтадан жаттығып, өз деңгейімде ойнауға тырыстым. Себебі дәл сол кезде өзімді ең жақсы сезінемін және футболдан ләззат аламын", - деп келтіреді Marca басылымы Ямальдың сөзін.
Бұған дейін жас таланттың шап тұсында жарақат бар екені және оның созылмалы сипат алу қаупі туралы хабарланған еді.
Дегенмен, жайсыздыққа қарамастан, 18 жастағы Ямаль жоғары деңгейде өнер көрсетуді жалғастыруда. Биылғы маусымда ол барлық турнирлерде он матчте ойнап бес гол соқты және бес нәтижелі пас берді.