Футбол
Бүгін 17:26

Ламин Ямаль "Барселонаның" ендігі матчіне қатыса алмайды

©Depositphotos/mrogowski_photography

Каталондық "Барселона" мен Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль оң тобығы тұсындағы жайсыздыққа байланысты Чемпиондар лигасындағы бакулік "Сабахпен" өтетін келесі матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ямаль Бакудегі кездесуді өткізіп алады

Бұл туралы "көк-анарлылардың" баспасөз қызметі мәлімдеді. 19 жастағы испаниялық футболшының денсаулығына қатысты мәселе Ла Лиганың 13-туры аясында "Вильярреалға" қарсы өткен матчтан кейін белгілі болды. Ол кездесуде каталондықтар 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Есеп 0:2 болған кезде Ямаль пенальти орындау құқығына ие болды. Алайда оның соққысынан кейін доп қақпа бағанасына тиіп, футболшы мүмкіндігін сәтті пайдалана алмады. Кейін вингер Фермин Лопеске нәтижелі пас беріп, сәтсіздігін жуып-шайды. Лопес 61-минутта есепті теңестірді. Ал тағы алты минуттан кейін "Барселона" жеңіс голын соқты.

Мәліметке сәйкес, Ямаль 29 қарашада Испания чемпионатының 14-туры аясында "Депортивоға" қарсы матчта алаңға оралуы мүмкін.

Ямальдың осы маусымдағы статистикасы

Осы маусымда испаниялық вингер "Барселона" сапында барлық турнирде 17 матч өткізіп, 13 гол соқты және 13 нәтижелі пас берді.

"Сабах" пен "Барселона" арасындағы кездесу 25 қарашада Әзербайжанның Баку қаласында өтеді.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport