Ла Лига президенті Хавьер Тебас Суперлиганы жүргізбек болған "Реал" президенті Флорентино Перес туралы ойын ашық айтты.
"Флорентино Перес біраз уақыт қателесіп жүрді, енді оның ұтылғанын көрдім. Ол азаматтық құрылыс саласында ұлы кәсіпкер, бірақ, президент ретінде - нағыз апат. Суперлига да біздің ойынның шешімі бола алмайды. Бұл керісінше футболды өлтіреді, - деп береді Тебастың сөзін "Матч ТВ".
Перес басшылық еткен Суперлига жобадан англиялық клубтар шығып кеткеннен кейін уақытша тоқтатылды. Турнир 2021 жылдың тамызында басталуы керек еді.