Испания чемпионатының 10-турында "Атлетико" мен "Райо Валекано" кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Цивитас Метрополитано" стадионындағы матча бірінші болып алаң иелері есеп ашты. 20-минутта Альваро Мората Гризманның пасын голға айналдырса, соңғы минуттарда Радамель Фалькао 11 метрлік айып добынан таразы басын теңестірді.
Осылайша, соңғы минуттарда ұпай жоғалтқан мадридтіктер 20 ұпаймен 3-орнын сақтап қалды. 9 ойын өткізген "Барселона" 22 баллмен екінші орында тұрса, өткен турда "Эль-Классикода" мерейі үстем болған "Реал" 25 ұпаймен көш бастап тұр.
12 ұпайы бар "Райо-Валекано" 10-сатыға жайғасты.
Енді Диего Симеоне шәкірттері Ла Лигадағы келесі кездесуін 23 қазанда сырт алаңда "Бетиске" қарсы өткізеді. Ал "Райо Валекано" болса 22 қазан күні "Кадисті" қабылдайды.