Петропавлдық "Қызыл-Жар" португалиялық жартылай қорғаушы Карлуш Фонсеканың командадан кеткенін хабарлады. 34 жастағы футболшының клубпен келісімшарт мерзімі аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан Премьер-лигасында Фонсека 2015 жылы 20 маусымда "Ертіс" ойыншысы ретінде "Оқжетпес" командасына қарсы ойында (1:0) дебют жасады. Ол павлодарлық клуб сапында бас-аяғы 125 матч өткізіп, 18 гол соқты.
Футболшы кейінірек қостанайлық "Тобыл" клубына ауысты (23 матч). Ал өткен маусымда "Қызыл-Жар СК" сапында ойнап, клубтың Конференция лигасына шығуына көмектесті.