"Қызыл-Жардың" көшбасшы футболшысы командадан кетіп қалды

©Қызыл-Жар" ФК

Черногориялық жартылай қорғаушы Дарко Зорич "Қызыл-Жар" командасынан кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

Жартылай қорғаушы алдағы уақытта "Шахтер" сапына ауысуы мүмкін. Қарағандылық команда 28 жастағы футболшыны былтыр қатарына қосқысы келген еді. Бірақ ол кезде Зорич Андрей Карповичпен бірге "Қызыл-Жар" командасына ауысуды жөн көрді. 

2021 жылғы маусымда Зорич 20 ойынға қатысып, жеті гол соғып, алты нәтижелі пас берді. 

Ал оның "Қызыл-Жар" командасы ел біріншілігінде төртінші орын алып, Конференция лигасына жолдама алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: