"Қызыл-Жардың" Конференция лигасы плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

©"Қызыл-Жар" ФК

Петропавлоскілік "Қызыл-Жар" командасының Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

18 және 25 тамыз күндері өтетін плей-офф кезеңінде Али Алиевтің командасы "Сфынтул Георге" (Румыния) - "Юргорден" (Швеция) жұбында жеңіске жеткен командамен кездесуі мүмкін. 

Алайда ол үшін "Қызыл-Жар" үшінші кезеңді бағындыру керек. Аталған кезеңде біздің команданың қарсыласы кипрлік АПОЭЛ болады. 

Бұл командалар арасындағы бірінші кездесу 4 тамыз күні Кипрде болса, жауапты ойын 11 тамыз күні Қазақстанда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: