"Қызыл-Жардың" грузиялық қорғаушысы командадан кететін болды
©"Қызыл-Жар" ФК
35 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Шота Григалашвили петропавлдық "Қызыл-Жардан" кетеді, деп хабарлайды KazFootball.kz.
35 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Шота Григалашвили петропавлдық "Қызыл-Жардан" кетеді, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Грузиялық жартылай қорғаушы Шота Григалашвили соңғы төрт маусымда солтүстік қазақстандық команда намысын қорғады. Бірінші жылы командамен бірге ол Бірінші лигаға түсіп, содан кейін премьер-лигаға қайта оралуға көмектесті.
Команда капитаны болды. "Қызыл Жар" жейдесінде барлық турнирлерде 85 матч өткізіп, 18 рет мергендігімен көзге түсті.
Жарнама