Футбол
16 тамыз 2021 18:30
 

"Қызыл-жар" ресейлік ойыншымен толықты

  Пікірлер

blog.share

"Қызыл-жар" ресейлік ойыншымен толықты Сергей Бугриев. Сурет: "Қызыл-Жар" ФК ©

Петропавлдық "Қызыл-жар" 23 жастағы ресейлік футболшы Сергей Бугриевті команда сапына алды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

blog.share

Петропавлдық "Қызыл-жар" 23 жастағы ресейлік футболшы Сергей Бугриевті команда сапына алды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Бугриев мансабын "Зенит" командасының жастар сапында бастаған. Ол 2019-2020 жылдың бірінші жартысын "Зенит-2" сапында ойнап, 17 кездесу өткізген. Орталық қорғаушы 2020 жылдың қаңтарында "Томь" клубына ауысып, 14 кездесуде өнер көрсетті. Одан бөлек словакиялық "Кошице" клубының намысын қорғаған. Сонымен қатар Сергей Ресейдің жасөспірімдер құрамасында тер төкті.

Жалпы клубтық мансабында 103 матчта алаңға шығып, үш мәрте мергендігімен көзге түсіп, бір нәтижелі пас берген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!