Қазақстан құрамасының футболшысы Еркін Тапалов "Қызыл-Жар" командасы сапына ауысты. Бұл туралы петропавловскілік команданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тапалов - Орал футбол мектебінің тәлімгері. Өткен маусымда "Ақжайық" сапында өнер көрсетіп, 25 кездесуде екі гол соқты. 2019 жылы қорғаушы Молдоваға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасы сапында алғашқы кездесуін өткізді. Биыл ол маусымды "Тұран" сапында бастаған болатын.
Сонымен қатар, "Қызыл-Жар" командасы "Атыраудың" тәлімгері Рафаэль Оспановты да қатарына қосты. Ол "Атырау" сапында 61 кездесу өткізіп, үш гол соқты. Оспанов биыл маусымды "Ақсу" сапында бастады.