"Қызыл-Жар" Конференция лигасында сенсация жасады

©Қызыл-Жар ФК

Петропавл қаласының намысын қорғайтын "Қызыл-Жар" Конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Хорватиядағы қарымта матчта 2:0 есебі тіркелді. Ойынның 62-минутында Гиорги Иванидзе есеп ашса, араға екі минут салып Мусса Коне таблодағы есепті еселеді.

"Астана Аренадағы" бірінші кездесуде хорватиялықтар 2:1 нәтижесімен жеңіске жеткен еді. Қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебі тіркеліп, "Қызыл-Жар" жарыстың келесі кезеңіне шықты. Осылайша, өз тарихында тұңғыш рет еурокубок турнирінде бағын сынап жатқан солтүстік қазақстандықтар жеке көрсеткіштерін жақсартты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport