"Қызыл-Жар" Қазақстан кубогінің бесінші раундында ақтаулық "Каспийден" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Петропавлда өткен матч 1:3 есебімен аяқталды.
Ойындағы бірінші гол алаң иелерінің пайдасына жазылды. 14-минутта "Каспий" ойыншысы Әлішер Сүлей қақпаға тепкен допты тоқтатпақ болып, гол салып алды.
58-минутта "Қызыл-Жар" азшылықта қалды, алаңнан Виктор Зябко қуылды. Бес минуттан кейін "Каспий" шабуылшысы Иван Пешич есепті теңестірді.
76-минутта Пешич дубль жасады.
Ал Дархан Бердібек 84-минутта матч нүктесін қойды.
Екінші құраммен ойнаған "Қызыл-Жар" бір баллмен топта соңғы. "Каспий" жеті ұпай жинады.
Айта кетейік, еурокубоктарға алғаш қатысып отырған "Қызыл-Жар" 11 тамыз өз алаңында кипрлік АПОЭЛ-мен қарымта өткізеді. Кипрде өткен бірінші матч 1:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталған еді.