"Қызыл-Жар" командасы хорватиялық футболшыны қатарына қосты

©"Шериф" ФК

Петропавлдық "Қызыл-Жар" командасы 27 жастағы хорватиялық қорғаушы Маттео Мужекті қатарына қосты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстанға Мужек осымен екінші рет келіп отыр. Осыған дейін ол 2018 жылы қарағандылық "Шахтер" сапында ойнап, ҚПЛ-де 30 ойын өткізді. 

Осыған дейін Мужек Словения мен Хорватия чемпионатында ойнаған. Сонымен қатар, "Нефтчи" (Әзірбайжан), "Шериф" (Тирасполь, Молдова), "Сент Миррен" (Шотландия), "Лариса" (Грекия) секілді командалардың намысын қорғаған. Оның соңғы командасы "Радомье" (Словения) болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport