"Қызыл-Жар" еурокубоктегі жорығын аяқтады

©nstagram.com/fcqyzyljar

Петропавлдың "Қызыл-Жар" клубы УЕФА Конференция лигасындағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Астана Аренадағы" қарымта ойында Әли Әлиев футболшылары Кипрдің АПОЭЛ командасымен 0:0 есебімен тең түсті. Апта бұрын Конференция лигасының үшінші іріктеу айналымындағы алғашқы кездесуде кипрліктер өз алаңында 1:0 есебімен ұтқан еді. Осының арқасында АПОЭЛ турнирдің плей-офф раундына шықты.

Еске салайық, "Қызыл-Жар" өз тарихында тұңғыш рет еурокубок бәсекесіне қатысты. Ал екінші раундта қос матч нәтижесі бойынша Хорватияның "Осиегін" екі ойында ұтты.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport