"Қызыл-Жар" еурокубок қатысушысын жер қаптырды

Фото: ФК "Кызыл-Жар СК"©

"Қызыл-Жар СҚ" өз алаңында "Шахтер" командасын қабылдап, қарағандылық клубты 2:0 есебімен ұтты,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кездесу Петропавл қаласында өтті. Ойынның екі голы да бірінші таймда соғылды. 

Матчтың 16-шы минутында Дарко Зорич есеп ашты. Ал 40-шы минутта Шота Григалашвили қарағандылықтардың қақпасына пенальтиден гол соғып, есепті еселеді.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПФЛК (@pflkaz)

Бұл петропавлдық "Қызыл-Жар" үшін биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңіс. Ал "Шахтер" командасы қатарынан екінші рет жеңіліс көрді. Қарағандылық клуб өткен маусымды төртінші орында аяқтаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚПЛ-2021 үшінші турының тағы үш ойыны өтеді. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:00  "Ордабасы" - "Ақжайық" және "Қайрат"- "Тараз", сағат 19:00 "Тобыл" и "Астана" арасындағы ойындар өтеді.

Метки:
Жаңалықтар