Футбол
1 желтоқсан 2021 11:26

"Қызыл-Жар" Андрей Карповичке қатысты бір шешімге келді

©"Қызыл-Жар" ФК

Андрей Карпович "Қызыл-Жар" футбол клубын ары қарай да жаттықтыра береді. Бұл туралы МТРК телеарнасына берген сұхбатында команда президенті Григорий Лория мәлімдеді.

Карпович өз қызметінде қалып, бастаған ісін жалғастыра береді. Сонымен қоса, команда құрамы да өзгеріссіз қалады. 

Еске салайық, қазақстандық маман "Қызыл-Жарды" ҚПЛ-дің биылғы маусымында төртінші орынға шығарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport