Футбол
3 қазан 2021 19:34

"Қызыл-Жар" Ақтауда үш ұпай еншіледі

©7152

"Қызыл-Жар" командасы сырт алаңда "Каспийден" басым түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ақтаудағы матч 2:1 есебімен аяқталды. Алайда алғашқы голды "Каспий" ойыншылары соққанын айта кеткен жөн. Кездесудің 33-минутында қонақтар қақпасына пенальти белгіленіп, Алексей Залеский командасын алға шығарды. Араға алты минут салып Мусса Саиб Коне таразы басын теңестірсе, 43 минутта Әлібек Қасым ішкі біріншілікте жетінші рет ерекшеленді.

Осылайша, 23 матчта 35 ұпай жинаған солтүстік қазақстандық ұжым Ордабасыдан үш ұпай озып кетті. Сонымен қатар, "Ақтөбе" қонақта "Қайсарды" 2:0 ұтса, "Тұран" мен "Шахтер" арасында гол соғылмады. "Тараз" бен "Атырау" арасындағы кездесуде де жеңімпаз анықталмады. Есеп 2:2.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport