Қытығына тиді. Роналду өзін төмен бағалаған Transfermarkt порталын бұғаттап тастады

 © UA-Football
Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Transfermarkt порталындағы трансферлік құнына риза болмады.

Портал Instagram желісінде агент Жорже Мендеш ісін жүргізетін футболшылардан символикалық құрама жасаған. Мұнда португалиялықтың құны 75 миллион еуро деп көрсетілген. 

"Роналдуды тегке кіргізе алмадық, өйткені ол трансферлік құнын көргенде бізді бұғатап тастаған. Футболшы мұның оған ұнамағанын айтты", - деп жазыпты Transfemarkt пост астына.



Биылғы маусымда 35 жастағы Роналду Италия чемпионатында ойнаған 21 матчінде 21 гол салды.