Футбол
23 тамыз 2022 17:01

Қытайлық клуб "Қайрат" көшбасшысын қалай сатып алды? Тың деректер пайда болды

©"Қайрат" ФК

Осы аптада алматылық "Қайрат" тағы бір маңызды ойыншыларының бірі Гвинея құрамасының шабуылшысы Хосе Кантеден айырылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, Кантеге ең көп жалақы ұсынған қытайлық "Цанчжоу Майти Лайонс" командасы болған. Хосе Кантенің алматылық клубпен жасалған келісімі жыл соңына дейін болғандықтан, бұрынғы командаласы Яцек Гуральски сияқты ол да клубтан өз келісімшартын сатып алған.

Айта кетейік, Канте "Қайрат" сапында 2021 жылдың наурызынан ойнады. Гвинея құрамасының ойыншысы осы аралықта 53 ойын өткізіп, 23 гол және 11 нәтижелі пас авторы атанды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport