Қытайға кеткен Кантенің "Қайраттағы" айлығы белгілі болды

©Қайрат ФК

Қытайдың "Цанчжоу Майти Лайонс" клубына ауысқан Хосе Кантенің "Қайраттағы" табысы белгілі болды, деп жазады Kozhakhmet_inside_official.

Телеграм арнаның хабарлауынша, Кантенің бір айлық табысы 62 мың еуро болған. Салыстырмалы түрде халықтың командасында ойнайтын барлық футболшының айлығын бірге алғанда осы соммаға жетпейді.

Еске салайық, Гвинея құрамасының шабуылшысы өткен жылы "Қайрат" сапына ауысып 32 матчта 15 гол соқты. Кантенің трансферлік құны 1,4 миллион еуроны құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport