Қытай құрамасында ойнауды армандаймын". Португалияда өнер көрсеткен қазақ футболшы

Ержет Ерзат. Сурет: instagram.com/yerjet23
Қытайда дүниеге келген этникалық қазақ Ержет Ерзат Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Португалиядағы тәжірибесі мен Қытай құрамасы үшін ойнау мақсаты туралы айтып берді. 

Он жыл бұрын Қазақстан астанасында өткен Президент кубогында ол Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданның жастар құрамасында өнер көрсетіп, көрермендерді тамсандырған еді. 

- Ерзат, қазір "Чунцин Лифань" командасындасыз. Клуб туралы не айта аласыз?

- Иә, былтырдан бері сондамын, Португалиядан оралғалы. Клубымыз жақсы, инфрақұрылымы тамаша. Команадада нағыз кәсіпқойлар ойнайды. Мықты легионерлер де бар. Жаңа маусымда клубта нөмірі бірінші ойыншы болғым келеді. 

- Қытайлық клубтар легионерлерді жиі шақырады. Шетелдік ойыншылардан кімдерді атай аласыз?

- "Бенфика", "Сантос" пен "Сан-Паулоның" бұрынғы ойыншысы Алан Кардек, Польша құрамасының бұрынғы футболшысы Адриан Мержеевски және бразилиялық Фернандиньо. Тағы бір бразилиялық ойыншы бар - Марсиньо.

- Португалия чемпионатында бірнеше жыл жүріп, "Гондомар", "Пассуш де Ферейра", "Лейшоэш" пен "Салгейруш" сапында ойнағансыз. Португалияда не үйрендіңіз?

- Бұл елде жиі ойнадым. Пайдалы тәжрибе болды. Қытайлық қақпашыларды Еуропаға шақыра бермейді ғой. Онда футбол деңгейі өте жоғары. Шеберлігім айтарлықтай шыңдалып қалды. Енді ең мықты лигаларда ойнағым келеді. Алда мұндай мүмкіндігім болады деп сенемін. 

- Португалиядан басқа еуропалық елдерден шақырту болды ма?

- Жоқ, осы елден және Қытайдан ғана.



- Қытайдың 23 жасқа дейінгі жастар құрамында бодыңыз. Ал ұлттық құрамаға шақырды ма?

- Иә, Қытайдың 20 мен 23 жас аралығындағы ең мықты ойыншылары жиналған командада болдым. Ал бірінші құрамаға әлі шақырмады. Шынын айтсам бұл менің арманым. 

- Ал Қазақстан құрамасы бапкерлерінен ешкім байланысқа шыққан жоқ па?

- Жоқ, ешкіммен тілдеспедім.

- Тарихи отаныңызға шақырса?

- Қазіргі таңдағы мақсатым - Қытай құрамасында ойнау.

- Ісіңізді жүргізетін агент бар ма?

- Иә, әрине. Соның арқасында Еуропада ойнап көрдім ғой.