Қырықтан асқан Джанлуиджи Буффон карьерасын жалғастыратын клубты таңдады

Сурет: Sportbox

"Ювентустың" бұрынғы қақпашысы Джанлуиджи Буффон карьерасын жалғастыратын клубты таңдады, деп хабарлайды Goal.

43 жастағы Буффон спорттан кетеді деген қауесетке қарамастан, карьерасын аяқтаудан бас тартты. Италиялық ойыншы "Парма" сапына оралмақ, бұл клубта ол 1995 бен 2001 жылдар аралығы ойнады.

Журналист Николо Скираның ақпаратынша, голкипер кейінгі уақытта бірнеше клубтың ұсынысынан бас тартқан. Соның ішінде, Буффон "Барселонада" Андре Тер-Штегеннің орнын басқысы келмеді, оны португалиялық "Спортинг" пен түркиялық "Бешикташ" өзіне шақырған, сондай-ақ, Ресей мен Грекиядан ұсыныстар болған. 

Буффон "Ювентус" сапына 2001 жылы "Пармадан" 52,8 миллион еуроға ауысып келген. 17 жылдан кейін франциялық "Пари Сен-Жерменге" еркін агент құқымен барады, алайда, 2019 жылы бір маусым өтісімен Туринге оралды.