Қырыққа таяп қалған Роналду өзін қанша жастағыдай сезінетіндігін айтты
"Манчестер Юнайтед" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өзін қанша жастағыдай сезінетіндігін айтты.
"Манчестер Юнайтед" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өзін қанша жастағыдай сезінетіндігін айтты.
"Генетикалық тұрғыда өзімді 30 жастағы адамдай сезінемін. Денем мен ақылыма ерекше көңіл бөлемін. 40, 41 тіпті 42 жасқа дейін ойнау туралы ойланам. Алаңда 20 жастағылармен бәсекеге түсу үшін сағат сайын, күн сайын одан қалды апталап, айлап, жылдап жаттығу қажет", - дейді әлемдегі ең талантты әрі танымал ойыншылардың бірі ESPN Brazil арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Португалия құрамасының капитаны спорттық карьреасында "Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Реал" және "Ювентус" клубтарында өнер көрсетті.
"Спортинг" командасымен Португалия Суперкубогін иеленсе, "қызыл сойқандармен" бірге Премьер-лиганы 3 рет, Англия Кубогін және Чемпиондар Лигасының Кубогін ұтып алды. Испанияда "корольдік" клубпен бірге Ла Лиганың 2 дүркін чемпионы атанды. Чемпиондар Лигасын 4 мәрте жеңді. Ал Италия біріншілігінде "Ювентус" сапында А сериясын 2 рет ұтты. Сонымен қатар, Италия Кубогі мен Суперкубогін қоса жеңді.
Жарнама