Футбол
2 қазан 2019 17:00

"Қырсық шалады". Сербиялық журналист "Партизанмен" матч алдында "Астананың" өз алаңындағы мықтылығын мойындады

Сурет : Vesti.kz. Жігер Әбенов©
Cербиялық белгілі SrbijaDanas.com порталының журналисті Михайло Тркуля Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Еуропа лигасындағы "Астана" мен "Партизан" арасындағы ойынға қатысты пікір білдірді.


Матч 3 қазан "Астана Аренада" өтеді, басталуы жергілікті уақытпен 20:50. Ойынды Qazaqstan арнасынан тікелей тамашалауға болады.

"Астана" - тұрақты команда. Еуропа лигасының топтық кезеңінде үнемі ойнайды. Әсіресе өз алаңында мықты. "Манчестер Юнайтедпен" қарсылас алаңындағы матч те футболшылардың тәртіппен және қорғаныста ойнай алатынын көрсетті. Қазақстандағы матч ауыр болады деп ойлаймын. "Партизан" үшін тең ойын да жақсы көрсеткіш болады. Сербиялық клубтарды Қазақстанда қырсық шалатыны есімізде", - дейді Тркуля.

Айта кетейік, "Манчестер Юнайтедтен" бірінші турда ұтылған "Астана" L тобында ұпайсыз қалып, соңғы келеді. "Партизан" мен "АЗ Алкмар" екінші және үшінші орында.