Футболдан Қырғызстан құрамасының қақпашысы Эржан Токотаев түркістандвқ "Тұран" сапына ауысты. Бұл туралы Қырғызстан футбол федерациясы хабарлады.
Келісімшарт бір жылға жасалған. Қазір Токотаев "Тұран" сапында Түркия жерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Кеше, 7 ақпан күні қырғызстандық қақпашы "Тұранның" өзбекстандық "Олимпик" командасына қарсы өткен жолдастық кездесуіне қатысты. Бұл ойында түркістандық команда 4:2 есебімен жеңіске жетті,
Айта кетейік, Токотаев "Тұран" сапында ауысқан екінші қырғызстандық спортшы атанды. Бұған дейін бұл ұжымға жартылай қорғаушы Фархат Мусабеков өткен болатын.