"Қырғыз Мессиі" атанған жылдың ең мықты ойыншысы "Қайратқа" ауысуы мүмкін

© sport.kg
Қырғызстан құрамасы мен белоруссиялық "Неман" клубының жартылай қорғаушысы Гулжигит Алыкулов маусым алды жиындарда алматылық "Қайратқа" қосылуы мүмкін. Vesti.kz тілшісіне бұл туралы футболшы айналасындағы мәлімет көзі хабарлады.

2019 жылдың соңында Алыкулов мықтырақ лигаға өткісі келіп, алматылық клубтың ұсынысынан бас тартқан. Қарашада Алыкуловқа польшалық "Лех", чехиялық "Славия" және Ресей премьер-лигасының клубтары қызығушылық танытқан. 

"Қырғыз Мессиі" алматылық "Қайраттың" ұтымды ұсынысынан бас тартты

Отанында 19 жастағы вингер "Қырғыз Мессиі" лақап атын иеленген. 2019 жылы Алыкулов "Неман" үшін 23 матчте төрт гол салып, төрт нәтижелі пас берді. Қырғызстан құрамасы сапында алты ойында екі гол соққан. 

Белгілі Transfermarkt порталы Алыкуловтың трансферін 400 мың еуроға бағалап отыр. 2019 жыл қорытындысы бойынша ол Қырғызстанның және "Немандағы" маусымның ең мықты ойыншысы ретінде мойындалған.
Жаңалықтар