"Алыкуловтың келісімшарты үш жылға есептелген және онда келісімді ерте бұзғаны үшін төленетін сомма да көрсетілген. Өте сапалы ойыншы, сондықтан оған үлкен кезек тұр - ресейлік және еуропалық клубтар. Қаржы жағынан өте ұтымды ұсынысты "Қайрат" та жасады, бірақ, ол бас тартты. Еуропада ойнағысы келеді.
Ақылды жігіт, өзіне не керегін біледі. Менталитеті мен футболға деген көзқарасын есепке алсақ, ол биіктерге жетеді деген сенім бар. Бізбен қоштасатыны өкінішті, алайда, таңдауымыздан қателеспегенімізге де ризамыз", - деп келтіреді Ковалевич сөзін Football.by порталы "Гродно Плюс" арнасына сілтеме жасап.
Қарашада Алыкуловқа польшалық "Лех", чехиялық "Славия" және Ресей премьер-лигасының клубтары қызығушылық танытқан. Ал отанында вингер "Қырғыз Мессиі" лақап атын иеленген.
Қыргызстан құрамасы үшін алты матчте Алыкулов екі гол салған. Transfermarkt порталы сол қапталдағы вингерді 400 мың еуроға бағалап отыр.