Күтпеген жағдай. Мбаппе болашағына қатысты шешім қабылдады

©instagram.com/psg

Испаниялық журналист Франсуа Галлардо "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппенің болашағына қатысты инсайдерлік ақпаратпен бөлісті, деп жазады Vesti.kz.

Галлардо мәліметінше, 25 жастағы Франция құрамасының шабуылшысы париждік клубпен келісімшартын ұзартып, мадридтік "Реалға" ешқашан өтпейді екен. Мбаппенің париждік клубпен қазіргі келісімшарты маусым айында аяқталады. 

Айта кетейік, бұған дейін Килиан мадридтік клубқа ауысатынын жайлы БАҚ-та көп жазылған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport