Құрмет пе? Агуэро "Барселонада" Мессидің нөмірінен бас тартты

Сурет: REUTERS / ALBERT GEA©

"Барселонаның" жаңа шабуылшысы аргентиналық Серхио Агуэро отандасы Лионель Мессидің 10-нөмірімен ойнаудан бас тартты, деп хабарлайды Marca.

Мәлімет бойынша, Серхио 19-нөмірді алатын болды.

Айта кетейік, "Барселона" Мессиге құрмет ретінде 10-нөмірді мүлде алып тастамақ болды. Алайда Примера ережелері бұған рұқсат бермеді. 

Агуэро "Манчестер Ситиден" еркін агент ретінде "Барселонаға" шілде айында қосылды. Дегенмен ол маусым басын жарақатына байланысты өткізіп алады екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport