Кирилл Кекер "Қайрат" командасынан кеткен Құрбан Бердыевтің орнына алматылық команданың тізгінін ұстайды, деп хабарлайды Aladop телеграм арнасы.
"Кирилл Кекер Құрбан Бердыевтің орнына "Қайрат" бас бапкері болып тағайындалады. Бұл маман осыған дейін де бас бапкер болған еді", - деп жазады дереккөз.
Еске салайық, Бердыевтің кеткенін "Қайрат" бүгін, 6 маусым күні хабарлады.