Құрбан Бердыев ресейлік команданың тізгінін ұстайды

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" командасының бұрынғы бас бапкері болған Құрбан Бердыев ресейлік "Сочи" командасының тізгінін ұстайды. Бұл туралы журналист Иван Карпов телеграм арнасында жазды. 

70 жастағы Бердыев алматылық команданы 2021-2022 жылдар аралығында жаттықтырды. Содан кейін ол ирандық "Трактор" командасының бас бапкері болды. 

Ресейді бұл маман "Ростов" пен "Рубиннің" бас бапкері болды. Қазандық командамен Бердыев екі рет Ресей чемпионатында топ жарды. 

Айта кетейік, "Сочи" биылғы маусымда 17 ойыннан кейін 25 ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орында келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар