Құрбан Бердыев футболдан Өзбекстан құрамасының бас бапкері атануы мүмкін. Бұл туралы Vatandosh газетінің тілшісі Мавлон Шукурзода хабарлады.
"Өзбекстан футбол ассоциациясы Германия, Словения, Ресей және басқа елдерден 10 маманмен келіссөз жүргізіп жатыр. Менің қолымда бар ақпарат бойынша, құраманы 57 жастағы сербиялық Сречко Катанец немесе 68 жастағы Құрбан Бердыев жаттықтыруы мүмкін. Бас бапкердің жалақысы шамамен жылына 1,2 миллион доллар болады.
Қазіргі таңда екі маман да бұл ұсынысқа қызығушылық білдіруде. Екі бапкермен де келіссөз жүргізілуде.
Еске салайын, бұған дейін Өзбекстан құрамасын неміс маманы жаттықтырады деген ақпарат шыққан еді. Бірақ онымен келісімге келе алмады", - деп жазды тілші Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, Бердыев қазіргі таңда "Қайрат" командасы басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. Ол 2019 жылдан бері ешқандай команданы жаттықтырмады.