Құрбан Бердыев Оралдағы сенсациялық нәтижеден кейін пікір білдірді

©fckairat

"Қайрат" бас бапкері Құрбан Бердыев Қазақстан чемпионатының 4-турындағы Оралда өткен матчтан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

"Өзім болжағандай бұл матч біз үшін оңайға соқпады. Қарсыласымыз кездесу барысында біраз қиындықтар туғызды. Өкінішке қарай, мүмкінідктерімізді соңына дейін пайдалана алмадық. Өткен жылы жазда командамызға жас ойыншылар келді. Алдағы уақытта жоғары деңгейімізді көрсететін боламыз", - деді Бердыев.

Еске салайық, "Ақжайық" пен "Қайрат" арасындағы ойында 0:0 есебі тіркелді. Қонақтар жеңіске жеткен жағдайда турнир кестесіндегі жағдайын жақсартар еді. Алайда аталмыш матчта бір футболшыға кем ойнауға мәжбүр болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport