Құрбан Бердыев "Қайратты" жаттықтыруы мүмкін

сурет: "Қайрат" фк

 "Қайрат" клубының бас бапкері болып Құрбан Бердыев тағайындалуы мүмкін деп хабарлайды aladop телеграмм арнасы. Маусымның 6-шы жұлдызы бұл турасында ресми ақпарат шығуы тиіс. Алматылық ұжымның бапкерлік штабына Ресейдің "Ростов" командасында қызмет еткен Игор Данилянц қосылуы мүкін деген де ақпарат бар.

Мұндай жаңалықтың шығуы жәйдан жәй емес. Себебі "Матч тв" арнасының комментаторы Роман Нагучев әлеуметтік желіде Алексей Шпилевскийдің Германия чемпионатының екінші лигасындағы команданың тізгінін ұстайтынын қуана жазған. Ал Бердыев мамырдың соңғы аптасында "Қайрат" клубында үш бағытта жұмыс істейтіні жайлы белгілі болған. Атап айтқанда негізгі құрамның жұмысы бойынша, клуб Академиясы мен "Қайрат" (Мәскеу) жобаларының кеңесшісі болып тағайындалған.

Беларуссиялық жаттықтырушы "Қайрат" клубының тізгінін 2018-ші жылы ұстап, былтырғы біріншілікте чемпиондыққа жетелеген.

Метки: