Ресейлік маман Құрбан Бердыев "Қайраттың" бас бапкері болудан бас тартып, өзінің шарттарын қойды. Tele-sport.ru баслымының ақпараты бойынша, алматылық команданың басшысы Қайрат Боранбаев бапкердің қойған шарттарына көңілі толмайды.
"Бердыевке команданың бас бапкері болу туралы ұсыныс түскен. Ол тіпті алдын ала келісімін де берген. Жексенбіде, 22 тамыз күні Бердыев ойлануға уақыт алып, дүйсенбі, 23 тамыз күні ұсынысын айтқан. Ол ұсыныс бойынша бас бапкер Дмитрий Кириченко болады. Ал Бердыев болса оған көмектесетін болған.
Дереккөздің хабарына қарағанда, Бердыев алдағы уақытта ресейлік командалардың бірінің тізгінін ұстауы мүмкін. Сол үшін де ол "Қайратта" тек көмекші болуға келісім берген. Алайда мұндай шешімге Боранбаевтың көңілі толмай отыр. Бапкерге қатысты соңғы шешім, сейсенбіде, 24 тамыз қабылдануы мүмкін", - деп жазады басылым.
Еске салайық, 2021 жылы маусымның басында "Қайратты" Алексей Шпилевский жаттықтырып бастаған. Ал маусым айында ол германиялық клубқа ауысып, оның орнына Кирил Кеккер келді. Бірақ бқл маман "Қайрат" Еупһропа лигасынан шығып қалған соң отставкаға кетті. Сөйтіп тізгінді уақытша Артем Гавриленко ұстады.
Айта кетейік, "Қайрат" келесі кездесуін 26 тамыз күні Конференция лигасы аясында люксембургтік "Фола" командасына қарсы өткізеді. Бұл командалар арасындағы бірінші ойын 4:1 есебімен аяқталған еді.