Футбол
8 шілде 2022 18:56
 

Құрбан Бердыев "Қайраттағы" жұмысы туралы күтпеген шындықты жайып салды

  Пікірлер

blog.share

Құрбан Бердыев "Қайраттағы" жұмысы туралы күтпеген шындықты жайып салды ©"Қайрат" ФК

"Қайрат" командасының бұрынғы бас бапкері болған Құрбан Бердыев алматылық командадан былтыр жыл соңында кетуге дайын болғанын, бірақ жас ойыншылар үшін қызметінде қалып қойғанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

"Қайрат" командасының бұрынғы бас бапкері болған Құрбан Бердыев алматылық командадан былтыр жыл соңында кетуге дайын болғанын, бірақ жас ойыншылар үшін қызметінде қалып қойғанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бердыев "Қайраттан" 6 маусым күні кетті. Содан соң ирандық "Транктор" командасының тізгінін ұстады. Ал қазіргі уақытта алматылық команданы Кирилл Кекер жаттықтырады. 

"Мен қиындықтан қорықпайтын адаммын. Сол үшін де "Қайратты" жаттықтыруға келістім. Былтыр Конференция лигасындағы соңғы турда "Омониямен" онйыннан кейін мен командамен қоштасқан едім. Кейін Боранбаев үш қана тәжірибелі ойыншы қалып, қалғандары кеткенін айтқан кезде мен ойландым. Ең алдымен мен өзім туралы ойланған жоқ едім. Мен ешкімге ештеңе дәлелдегім келмейді. Мен жастар туралы ойладым. Бір, екі тіпті үш жас ойыншыға көмектессек, мақсатымыздың орындалғаны деп білдім. Біз нәтиже болмайтынын білдік. Және "Қайратта" болған сәттерге де өкінбеймін", - деді Бердыев Youtube желісіндегі "Коммент. Шоу" бағдарламасына берген сұқбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!