Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Курбан Бердыев командамен келісімшартына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Еске салайық, оның қазіргі келісімі жыл соңында аяқталады.
"Келісімшартты ұзарту мәселесі "Базель" және "Шахтер" ойынының нәтижелеріне байланысты болмайды. Біз болашаққа ауқымды қарап отырмыз. Менің Қайрат Советайұлымен қарым-қатынасым жақсы. 15 желтоқсаннан кейін келісімшарт туралы сөйлесеміз", - деді Курбан Бекиұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Бердыевтің келісімшартын "Қайратпен" тағы екі жылға созуға болады деген ақпарат шыққан еді.
Еске салайық, ертең, 25 қараша күні "Қайрат" Конференция лигасы топтық кезеңінің бесінші турында "Базельге" қарсы ойын өткізеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да басталады.