Құрбан Бердыев "Қайрат" командасының бас бапкері қызметінен кетті

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Құрбан Бердыев команданың бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Келісімшарт екі тараптың мақұлдауымен тоқтатылған. Айта кетейік, осыған дейін Бердыевтің өзі де бірнеше мәрте "Қайраттан" кетуім мүмкін деген болатын. 

Құрбан Бердыев "Қайрат" командаысның тізгінін 2021 жылдың қыркүйек айында ұстады. Сол уақыттан бері алматылық команда Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, Қазақстан кубогін жеңіп алды. Биыл "Қайрат" 12 турдан кейін 16 ұпай жинап, сегізінші орында келеді. 

Бұл маманның орнына команданың тізгінін кім ұстайтыны әлі белгісіз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар