Құрамы ең қымбат футбол командасы аталды

Сурет: Livesport
Transfermarkt порталы коронавирус салдарынан футболшылар бағалары өзгергеннен кейінгі құрамы ең қымбат 100 клубтың рейтингін жасады.  

Тізімде бірінші "Манчестер Сити". Англиялық клуб құрамы миллионнан асқан жалғыз команда (1,02 миллиард еуро). Екінші "Ливерпуль" (967 миллион), үшінші - мадридтік "Реал" (888,5).

Құрамы ең қымбат топ-10 команда келесідей:

1. "Манчестер Сити" - 1,02 миллиард еуро;
2. "Ливерпуль" - 967;
3. "Реал" - 888,5;
4. "Барселона" - 852,7;
5. ПСЖ - 843,7;
6. "Бавария" - 756,6;
7. "Атлетико" - 709;
8. "Тоттенхэм" - 699;
9. "Челси" - 679,9;
10. "Манчестер Юнайтед" - 646,7.