Құрамасы ұтылғанына ызалы даниялық бүкіл қазақты "қорлады"

Андерс Фьелстед

Даниялық стендап-комик Андерс Фьелстед өз елінің құрамасы Қазақстаннан ұтылғанына қатысты ойын әдепсіз білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол твиттер желісінде Қазақстан құрамасының командалық суретін жариялапты, ал футболшылардың бетіне дау тудырған "Борат" фильмінің басты кейіпкерінің суретімен жауып қойған. 

"Біз осылардан ұтылып қалдық", - деп жазыпты ол фотоның астына.

"Қазақстан бір таймда Данияға бұрынғы іріктеудің бәрін алғандағыдан да көп гол салып тастады", - деп жазыпты ол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport