"Құраманың жейдесін кию – бала күнгі арманым еді". Мақсат Тәйкенов басты командадағы дебюті жайлы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Финляндиямен кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Финляндиямен кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
ӘЧ-2022 іріктеу турнирі аясында жерлестеріміз қонақта Суоми командасымен ойнап, 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Талғат Байсуфинов құрамасының сапында үш футболшы дебют жасағанын айта кеткен жөн. Олардың арасында Мақсат Тәйкенов, Айдос Тәттібаев және Самат Жарынбетовтер тырнақ алды матчтарын өткізді.
"Ең алдымен алғашқы ойынымды өткізгеніме Талғат Маруаұлына және барша бапкерлік штабқа алғыс айтқым келеді. Бірінші матч болғандықтан ба, әйтеуір 15-20 минуттай қобалжыдым. Кейін өз-өзіме келе бастап, жақсы ойын көрсеттім деп есептеймін. Ұлттық құраманың жейдесін кию – бала күнгі арманым еді. Сол арманыма жетіп отырмын. Финляндия құрамасы жуырда Еуро-2020 турниріне қатысты. Дегенмен, скандинавиялық ұжымды ұтуға болар еді. Тек өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Амандық болса "Астана Аренада" фин командасын ұтуға бар күшімізді саламыз", - дейді Тәйкенов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Жарнама