Құраманы күшейту ме? Бразилиялық футболшы Қазақстан азаматтығын алды

©"Қайрат" ФК

"Қайраттың" бразилиялық ойыншысы Жоао Пауло қазақстандық төлқұжат алды. Бұл туралы AlatauFans жанкүйрелер клубының ресми Instagram аккаунтында хабарланды. 

34 жастағы хавбек алматылық клубта былтырдан бері ойнап келеді. Оған дейін "Ордабасында" өнер көрсетті, ал шымкенттік клубқа болгариялық "Ботев" командасынан 2019 жылы ауысып келді. Шымкенттіктер қатрында ол 2020 жылы Қазақстанның үздік бомбардирі атанды (12 гол).

Сонымен қоса, футболшы болгариялық "Лудогорец", бразилиялық "Ферровиария", "Ботафого" (Жуан-Песоа), АБС, кореялық "Инчхон Юнайтед", "Тэджон Ситизен", "Кванджу" клубтарында өнер көрсеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар