Футбол
7 қазан 2021 21:54

"Құрамаға қайта оралғаныма қуаныштымын". Айбар Жақсылықов ӘЧ-2022 турнирінің іріктеу ойындары жайлы

©kazfootball.kz

Осы аптада футболдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2022 турнирінің іріктеу ойындары аясында Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларымен кездеседі. Жарақатына байланысты бірнеше айдан бері алаңға шықпаған Айбар Жақсылықовты құрама бас бапкері Талғат Байсуфинов негізгі командаға шақырғанын айта кеткен жөн. Осы орайда "Жетісу" шабуылшысы Vesti.kz тілшісінің сауалдарына жауап берді.

- Айбар, ұлттық құрамаға қайта оралуыңызбен. Жарақатыңыздан кейін өзіңізді қалай сезініп жүрсіз?

- Ұлттық құрамаға қайта оралғаныма қуаныштымын. Жарақатыма орай жарты маусымдай алаңға шыға алмадым. Қазіргі таңда бәрі жақсы. Құрама ішіндегі атмосфера да тамаша. Біраз жаңа футболшылар шақырту алды. Құрама ойыншылары мені жақсы қарсы алды. Бәріне алғыс айтамын.

- Айбар көптеген БАҚ өкілдері сізді келесі маусымда "Астана" сапында ойнайды деген ақпарат таратып жүр. Бұл қаншалықты рас?

- Ондай ақпараттар өткен жылы да жазылған. Бірақ дәл қазір "Жетісу" сапындамын. Биыл клубпен келісім-шартым аяқталады. Біріншілік аяқталған соң еркін агент атанамын. Содан кейін өзім таңдаған ұжымға ауысамын. Оған дейін командамның соңғы матчтарында ұпай алуына көмектесемін.

- Құраманың соңғы матчтарын теледидардан тамашаладыңыз. Алдағы күндері Финляндия, Босния және Герцеговина командаларын ұтатын шамамыз бар ма екен?

- Команданың барлық кездесулерін көріп шықтым. Жігіттерге жанкүйер болдым. Сырт алаңда Босниямен тең түссек, бұл жолы жанкүйерлердің қолдауымен жеңіске жетеміз деген ойдамын. Жалпы Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларын ұтатын шамамыз бар.  

Еске салайық, қазан айының 9 жұлдызы "Астана Аренада" Қазақстан мен Босния және Герцеговина командалары кездессе, 12 қазанда Талғат Маруаұлы ойыншылары Финляндияны қабылдайды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport