"Құрамадан жоғал!". Жанкүйерлер қателік жасаған Сүйімбаевқа "шабуыл" жасады

Сурет: kazfootball.kz
Футболдан Қазақстан құрамасының жанкүйерлері Ғафуржан Сүйімбаевтың Instagram  парақшасына жаппай сын жаза бастады. Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі "Я там, где КПЛ" тобы хабарлап отыр. 

Қазақстан құрамасы мен Беларусь арасындағы ойын 1:1 болып тұрған сәтте Сүйімбаев аутқа кеткен допты лақтырған кезде қателік жасады. Бұл допты қарсылас командадағы Виталий Лисакович кедергісіз тосып алып, Стас Покатиловты алдап өтті де, бос қақпаға бағыттай салды. 







Осылайша, Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасында алғаш рет жеңілді. Дегенмен ұлттық команда топта бірінші орынға шықты, өйткені Албания күтпеген жерден Литва құрамасынан 0:1 есебімен ұтылды.